Қордың жұмыс істеу принципі
Жобаға қатысушылар:
- Жобаның бастамашысы (Тапсырыс беруші) – Қор жобаны қалыптастыратын өтінім жасайтын жеке немесе заңды тұлға.
- "Түркістан"ҚФСР(төлеуші) – Түркістан облысы халқының неғұрлым мұқтаж жігінің жағдайын жақсартуға бағытталған жасалған жобаларда пайдалану үшін қаржы қаражатын жинақтайды және басқарады.
- Қызметтердің өкілі (Орындаушы) – қалыптастырылған жоба бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін Қорға қызмет көрсететін заңды тұлға.
Қор жұмысының механизмі
- Жобаның бастамашысы Қорға өз жобасын ұсынады немесе аймақ халқының қажеттіліктері үшін қызметті орындауға өтінім жібереді.
- Қор мамандарды, бөгде сарапшыларды тарта отырып, жобаның (өтінімнің) кешенді сараптамасын және бағасын жүзеге асырады және жобаны қалыптастырады.
- Жобаның бастамашысы мен Қор жобаны іске асыру шарттарын және қызмет көрсетуі жобаны іске асыру үшін қажетті қызмет көрсету өкілін айқындайды.
- Келісілген жобаны Қордың Қамқоршылық кеңесі белгіленген тәртіппен бекітеді.
- Жобаның бастамашысы, қор және қызмет көрсету өкілі арасындағы үшжақты келісімге қол қойылады.
- Қор жоба бастамашысының өтінімі бойынша жоба үшін өкіл ұсынған қызметтерге ақы төлейді.