«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ОҚО Біріккен Араб Әмірліктерімен екі жақты қатынастарды нығайтуда
10/01/2018
ОҚО Біріккен Араб Әмірліктерімен екі жақты қатынастарды нығайтуда

Жақындабұрын Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Біріккен Араб Әмірліктеріне барып қайтты. Жұмыс тобының құрамына Қазақстанның Дубайдағы бас консулы Мадияр Манилбеков, Оңтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт және «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров болды.

Сапардың мақсаты - екіжақты сауда байланыстарын және өзара ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Сапар барысында делегаттар Шарджадағы бірқатар экономикалық маңызды нысандарды аралады. Сонымен бірге, Шаржа халықаралық әуежайының еркін аймағының директоры Саид Аль-Мазруи екі жақ арасындағы ақпарат алмасуды жалғастыруға үлкен үміт артты. Өз кезегінде, бұл серіктестік достас елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізеді. Ол инвестиция, сауда, тәжірибе алмасу және т.б. саласындағы ынтымақтастықтың барлық түрлеріне дайын екендігін білдірді.