«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Шымкент ӘКК Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумды бекітті.
21/08/2017
Шымкент ӘКК Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумды бекітті.

«Astana Expo-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қытай павильонында бизнес-форум өтті. Іс-шараға «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айтмұхаммед Алжадаров, «Қазақстандық Инвестициялық Ынтымақтастық Агенттігі» ЖШС бас директоры Айдын Байділов, Қытайдың халықаралық сауда палатасының бас хатшысы Юн Джанлонг және ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Лю Цзянпин қатысты.

         Айтмұхаммед Алдажаров өз баяндамасында Оңтүстік Қазақстан облысы - экономикалық әлеуеті жоғары қарқынды дамып келе жатқан өңір екенін атап өтті. Облыс Орталық Азия, Таяу Шығыстың және Еуропаны экспортқа бағдарланған өндірісті дамытуды және трансшекаралық сауданы дамытуды қамтамасыз ететін бағыттардың қиылысында орналасқан.

 «Инвестициялық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, аймаққа инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау – бұл мемлекеттің және өңірлік саясаттың маңызды бағыты болып табылады. Шымкент ӘКК бүгінгі күні кез-келген инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін жеткілікті экономикалық және әлеуметтік-саяси әлеуетке ие болды. Мен бәрімізге ашық және іскерлік ынтымақтастыққа дайын екенімізді ерекше атап өткім келеді. Біздің жемісті өзара іс-қимыл және жылы достық қарым-қатынастарымыз біздің облыстың және тұтастай мемлекеттің дамуына бағытталған кез келген инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді », - деп атап өтті Басқарма төрағасы.

Кездесу соңында «Шымкент» ӘКК ҰК »АҚ, «Қазақстандық Инвестициялық Ынтымақтастық Агенттігі» ЖШС және Аньхой провинциясының кәсіпкерлері арасында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойылды.