«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
"Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Росатомның" Оңтүстік Қазақстанда шағын су электр станцияларын салу жөніндегі жобасын жүзеге асырады.
07/09/2017
"Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Росатомның" Оңтүстік Қазақстанда шағын су электр станцияларын салу жөніндегі жобасын жүзеге асырады.

Астанада өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталар шақта "Шымкент" ӘКК мен "Росатом Орталық Азия" аймақтық орталығы өзара түсіністік пен әріптестік келісіміне қол қойды. Оның мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысында шағын су электр станциясы мен басқа да баламалы энергия саласын дамыту, сондай-ақ, табиғат қорын тиімді пайдалану мен сақтау. Құжатқа "Шымкент" ӘКК басқарма төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров пен "Росатом Орталық Азия" бас директоры Виталий Драгунов қол қойды.
Екі тарап Оңтүстіктің таулы аймақтарында қуаттылығы 2МВт-қа дейінгі, контейнер типтес шағын су станцияларын салудың инновациялы пилоттық жобасын бірге құрмақ. Келісілген әріптестік бойынша 2017 жылдың қыркүйек айының өзінде мамандар станцияларды салуға және су жинау құрылғысы мен контейнерлерді орнатуға қолайлы орындарды анықтау үшін алғашқы техникалық іс-сапармен келмек.
Контейнердегі шағын СЭС шығарумен "Росатом" мемлекеттік корпорациясының "Атомэнергомаш" компаниясының құрамына кіретін Венгрияның Ganz Engineering and Energetics Machinery llc. (Ganz EEM) компаниясы айналысады. Шағын СЭС-терді тұрғындары электр желісіне қосылмаған аймақтарда қолдануға болады. Шағын СЭС турбинасы және басқару тетігі бар контейнерлер жеткізілген соң бір айдан кейін 1МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Айта кетейік, шағын СЭС қашықтықтан, спутникалық байланыс арқылы басқарылады. Қазір шағын СЭС-терді өзге елдерге экспорттау бойынша келіссөз жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстанның тау өзендерінің мол әлеуетін ескерген қос тарап алғашқы жоба аяқталған соң да әрі қарай бірге жұмыс істеп, ОҚО әкімдігінің қолдауымен шағын су энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
Анықтама:
"Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ мемлекеттің 100 пайыз қатысымен 2011 жылы құрылған. Компания іс-әрекетінің негізгі бағыты - тиімді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыстағы активтер мен ресурстар әлеуетін жүзеге асыру, облыс, республика, жақын және алыс шетел нарығын барынша жүзеге асыру.
«Росатом Орталық Азия» - "Росатомның" Орталық Азия аймағындағы өкілдігі. Кеңсе "Росатомның" әлемнің түрлі елдеріндегі халықаралық желісіне жатады. Аймақтық орталықтарды "Росатом халықаралық желісі" (РМС) компаниясы басқарады. РМС-тің негізгі тапсырмасы - мемлекеттік корпорацияның шетел нарығындағы іс-әрекетін қолдау, жаңа бизнес-мүмкіндіктерді іздеу, Ресей атом саласының өнімдері мен қызметін жаһандық нарықта ұсыну, тіимді бизнес-альянс құруда көмек көрсету, "Росатом" кәсіпорындарын маркетинг және ақпараттық қолдау.