«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Фин компаниясы ОҚО-да жасыл энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті
28/09/2017
Фин компаниясы ОҚО-да жасыл энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Шымкентте «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров пен «Kaukointernesnal Central Asia» ЖШС бас атқарушы директоры Владимир Олещенко арасында ресми кездесу болып өтті.

Кездесу барысында тараптар облыс аймағындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. ӘКК мен ірі шетелдік компания арасындағы белсенді келіссөздердің нәтижесінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандумға сәйкес фин компаниясы біздің аймақтың энергетика, су және қалдықтар секторларындағы жобаларды инвестициялауға және іске асыруға міндеттеледі.

Kaukointernational - бұл индустриалдық жобаларды іске асырудағы «толық аяқталған» халықаралық сауданың мамандандырылған әлемдік корпорациясы. Компания әлемнің 22 елінде жұмыс істейді, әлемнің 8 елінде кеңселері бар және әлемдегі 100-ден астам компанияны ұсынады.