«ШЫМКЕНТ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Ташкенттегі бизнес-форумға қатысты
10/01/2018
«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ Ташкенттегі бизнес-форумға қатысты

 Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі - Қасымбек Ж.М., Қазақстан Республикасы Инвестициялар және дамудың вице-министрі - Е.Хайров, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі - Түймебаев Ж.К., Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Е. Өтембаев қатысты.

Бизнес-форумның негізгі мақсаты - өзбекстандық және қазақстандық компаниялар арасындағы экономиканың әртүрлі салаларында іскерлік байланыстарды нығайту, екі елдің аумағында бірлескен Өзбекстан-Қазақстан кәсіпорындарын құру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін қарау.

Форум аясында «Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ «West Leasing» лизингтік компаниясы, «IFT Project Development» компаниясы, «IFG Capital» жеке меншік капиталы және «West Consult» консалтингілік компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.