city
Тіркеу күні: 20.11.2019г. (алғашқы 13.03.2007г.)
Құрылтайшылар: 49% - АҚ «ӘКК «Түркістан»; 51% - Абенов Рахимжан Абдимамынулы
Бас директор: Мамиров Ойрат Маратович
Қызмет түрі: a) жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік қызметтері; b) коммерциялық, сауда және делдалдық қызмет; c) фирмалық дүкендер мен сауда үйлерін, супермаркеттерді ашу; d) қоғамдық тамақтану пункттерін (асханалар, дәмханалар, барлар, мейрамханалар)ашу; e) көтерме-бөлшек, комиссиялық сауда; f) нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру және сату; g) тамақ өнімдерін өндіру, сатып алу және өткізу; h) халық тұтынатын және өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарларды өндіру, сатып алу және өткізу; i) ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өсіру, дайындау, қайта өңдеу, өндіру және өткізу; j) алкогольді және алкогольсіз сусындарды, темекі және темекі бұйымдарын шығару, сақтау, сатып алу және көтерме-бөлшек сауда; k) халыққа сервистік қызмет көрсету: Қонақ үйлерді, сауналарды, автотұрақтарды, кір жуатын орындарды, қоғамдық тамақтану пункттерін ұстау; l) автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларын ұйымдастыру және автотұрақтар ашу; m) Автокөлікті жөндеу: шанақтарды, қозғалтқыштарды, жүріс бөлігін жөндеу және вулканизациялау; n) автомобильдің қосалқы бөлшектерін сатып алу және сату; o) медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмектерді сату; p) ТМД елдерінің және алыс шетелдердің кәсіпорындарымен бірлескен сауда кәсіпорындарын құру; q) сыртқы экономикалық қызмет, ТМД елдеріне және үшінші елдерге экспорттық-импорттық операциялар; r) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері
Байланыс мәліметтері: 8-701-333-66-69
Жарғылық капитал: 1 194,2 млн. тенге
Штат саны: 6 адам
Жобаның атауы: «Қасқасу»туристік-рекреациялық орталықтың тау-кен инфрақұрылымын салу
Жобаның құны: 42,8 млрд. теңге

 Мақсаты және құрылу кезеңі:

2019 жылғы 20 қарашада Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға дейінгі бекітілген Кешенді жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №938 Қаулысы) аясында және Түркістан облысы әкімінің м.а. Қ. Айтмұхаметовтың (13.08.2019 жылғы№02-1193 қ/Ш) тапсырмасын орындау мақсатында, басқарма және директорлар Кеңесінің шешімімен (5.11.2019 жылғы) "Kaskasu Resort" ЖШС (бұдан әрі-серіктестік) жарғылық капиталы 200 000 теңге болатын 49% үлесін сатып

Жобаның мақсаты-Қазақстанда туристік секторды дамыту үшін халықаралық деңгейдегі туристік-рекреациялық орталық құру. Жергілікті және шетелдік тау шаңғышылары үшін қолайлы жағдайлар жасау, кешен инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін инвесторлар тарту, бұл бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұтастай алғанда Түркістан облысы мен Қазақстан экономикасын дамытудың оң мультипликативті әсерін көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу шатқалында (Шымкент қаласынан 65 км) жыл бойы тау кешенін құру болып табылады. Жобаның тұжырымдамасы 34,3 км шаңғы трассаларын жайғастыруды және тау баурайларын 8 көтергішпен жабдықтауды көздейді. Тау баурайларында сырғанайтындардың ең көп бір реттік саны 5 000 адамды құрайды.

2020 жылғы 20 наурызда, "Түркістан "ӘКК" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі мен "Kaskasu Resort" ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, жобалық құжаттаманы әзірлеуге қоғам қатысушылардың үлесін сақтай отырып және серіктестіктің жарғылық капиталын 812 914 404 теңгеге дейін ұлғайта отырып, серіктестіктің жарғылық капиталына 398 230 058 теңге мөлшерінде төлем енгізді.